Математикалық журнал

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫНДАҒЫ» ҒЗИ-ЛАР БАЗАСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-МЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ҒЫЛЫМИ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ

«Ғылым ордасы» Сіздерге өз есігін айқара ашады Сіздерді «Ғылым ордасындағы» ғылыми-зерттеу институттарына шақырамыз, онда Сіздер біздің жұмысымыз жөнінде және біздегі мамандықтар туралы толық мәлімет ала аласыздар

«Математика және математикалық модельдеу институты» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымындағы № 786 қаулысымен, РМК базасы бойынша ҚР БжҒМ ҒК «Математика, информатика және механика институты» мен ЕМК «Математика институттарының» негізінде құрылған.

Математика институты 1965 жылдың 1 қыркүйегінде математика, механика білімімен машина және есептеу математикасы лабароториялары негізінде құрылған.

Магистратура

«6M060100 – Математика»

Докторантура

«6D060100 – Математика»

Мамандандыру

6М(D)060101 – Математикалық талдау және функция теориясы

6М(D)060102 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика 6М(D)060103 – Алгебра, математикалық логика және геометрия

6М(D)060104 – Динамикалық процесстерді математикалық модельдеу

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі

 Болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуды мақсат тұтқан білікті мамандарды даярлау. Оқыту процесін белгілі ғалым-математиктер жүргізеді.

Институттың ғылыми бағыттары

Дифференциалдық теңдеулер

Функциялар теориясы және функционалдық талдау

Алгебра, математикалық логика және геометрия

Математикалық физика және модельдеу

Ақпараттық технологиялардағы математикалық әдістер

Халықаралық қатынастар

• РҒА В.А. Стеклов атындағы Мәскеу институты (Мәскеу)

• РҒА В.А. Стеклов атындаєы МИПБ (Санкт- Петербург)

• М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу)

• РҒА С.Л. Соболев атындаєы МИ (Новосибирск)

• РҒА Гидродинамика институты (Новосибирск)

• Лондон университеті (Ұлыбритания)

• Берлин университеті (Германия)

• Чикаго университеті (АҚШ)

• Нью Йорк–Сити университеті (АҚШ)

• Париж-7 университеті (Франция)

• Лидс университеті (Ұлыбритания)

• Imperial College London (Ұлыбритания)

• University of Padua (Италия)

• София университеті (Болгария)

• Токио университеті (Жапония)

• University of Lisbon/CMAF (Португалия)

Атақты ғалымдар Ғылым және техника саласы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйақы жеңімпаздары

- ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев

- ҚР ҰҒА корр.-мүшесі. У. Өмірбаев

- ҚР ҰҒА академигі А.С. Жұмаділдаев

ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Кәлменов  

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Пушкин к-сі, 125, 10-пав., 2-қаб

 

PHD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ТАЛАПТАР

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторантурасына талапкерлерге қойылатын талаптар:

- магистр дәрежесі;

- игерілген міндетті пәндер - пререквизиттер болуы;

- ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік (беделді ғылыми басылымдарда ғылыми жарияланымдардың болуы жақсы);

-мүмкін болатын ғылыми жетекшілердің болуы (отандық және шетелдік).

PhDдокторантурасына түсу үшін талапкерлер шетел тілі және мамандық пәні бойынша 2 емтихан тапсыруы керек.

Шетел тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша оқуға түсу емтиханы ҚР БҒМ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығының технологиялары бойынша тест түрінде жүргізіледі.

 Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеруін дәлелдейтін:

ағылшын тілінен: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 460), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87),  TOEFL, шекті балл – кемінде 560, International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);

неміс тілінен: Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/шекті балл - С 1), TestDaf-Prufung (Niveau C1/шекті балл - С 1);

француз тілінен: Test de Français Internationaltm (TFI – оқу және аудирование бөлімдері бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, В2 деңгейінде), Diplome Approfondi de Langue françaisе (DALF, С1 деңгейінде), Тest de connaissance du français (TCF - шекті балл - кемінде 400) халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады. 

PhD докторантурасына түскісі келетін талапкерлердің құжаттарын қабылдау 10 шілде мен 30 шілдеге дейінгі аралықта Әл-Фараби проспектісі, 71 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. ҚазҰУ Қабылдау комиссиясы күнделікті таңғы сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді.

Оқуға түсу түсу емтихандары – ағымдағы жылдың 10 – 20 тамыз аралығында, ал қабылдау – 25 тамызға дейін өтетінін хабарлаймыз.

 

Жаңалықтар