Математикалық журнал

«Фундаменталды және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері» Ғылыми конференциясы, 18-21.11.2025, Өскемен

image.png

«Фундаменталды және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері»

Ғылыми конференция

Өскемен қ.,
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
2025 жылғы 18–21 қараша

 

Құрметті әріптестер!

Математика және математикалық модельдеу институты, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесе отырып, 2025 жылғы 18 қарашадан 21 қарашаға дейін «Фундаменталды және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция өткізеді.

Конференция Өскемен қаласында, С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ұйымдастырылады.

Конференцияға ғылыммен белсенді айналысып жүрген қазақстандық және шетелдік математиктер қатысады.

Конференцияның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің математиктерін гранттық қаржыландырудың қолданыстағы және болашақ жобаларына тарту арқылы өңірлік ғылымды дамыту. Осы мақсатта конференцияның басты бөлімдерінің бірі – математика бағытындағы қолданыстағы гранттық жобалардың жетекшілерінің ашық есептері болады.

Негізгі күндер:

Қатысушылардың келу күні – 18 қараша

Конференцияның жұмыс күндері – 19–21 қараша

Тіркелу үшін мына google-форманы толтыруларыңызды сұраймыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeNccFtHvSewM8aQqiBSBd_83F9rgyLpr2Yr5BR-_hLhPwpMA/viewform?usp=dialog

Байланыс: conf-november-18-21@math.kz

Конференция хатшысы: Берикбол Торебек, +7 (702) 125 15 15.

 

Қазақстандық және шетелдік барлық ғалымдарды математика саласының барлық бағыттары бойынша конференцияға қатысуға шақырамыз.

Жаңалықтар