Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу мерзімі - 27 ай, 2020-2022 ж.ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды («Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері («ХХІ ғасырдағы білім, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер); Энергетика және машина жасау; Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су, геология, өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен конструкциялар; Өмір және денсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс) және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.
Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитетінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған.
Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне жобаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда, «ҰҒТТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылдың 11 мамыры.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 2020 жылдың 26 маусымы (қоса алғанда).
Жаңалықтар
- 8-ші Халықаралық талдау және қолданбалы математика конференциясы, 2026
- Магистратура студенттеріне арналған ғылыми тағылымдама: білім беру мен озық зерттеулерді біріктіру, 2026.04
- «Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі», Шымкент қаласы, 2026 жылғы 3-7 сәуір
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Құдайбергенов Қанат Жанзақұлының құжаттары
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Төребек Берікбол Тілләбайұлының құжаттары
- Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер Шаймардан Серікболдың құжаттары
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 1-4 сәуір, 2025
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Туленов Қанат Серікұлының құжаттары
- Екінші ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Есіркегенов Нұргиса Аманкелдіұлының құжаттары
- “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” EEASO-2024
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Қадірбаева Жазира Мұратбекқызының құжаттары
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Мыңбаева Сандуғаш Табылдиевнаның құжаттары
- «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қатысты ақпарат
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 16-19 және 22 сәуір, 2024
- Екінші ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Cәбитбек Болыс Мәжитұлының құжаттары
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру




