2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз)) және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: www.edu.gov.kz және Ғылым комитетінің сайтында: www.sc.edu.gov.kz орналастырылған. Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша консультация беру жөнінде жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А.А., телефондар 8 (7172) 74-19-04, 74-19-18, 74-20-29.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 11 кіреберіс, 1039 кабинет, ҚР БҒМ Ғылым комитеті. Телефон 8-7172-74-24-59. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес.
Жаңалықтар
- 8-ші Халықаралық талдау және қолданбалы математика конференциясы, 2026
- Магистратура студенттеріне арналған ғылыми тағылымдама: білім беру мен озық зерттеулерді біріктіру, 2026.04
- «Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі», Шымкент қаласы, 2026 жылғы 3-7 сәуір
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Құдайбергенов Қанат Жанзақұлының құжаттары
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Төребек Берікбол Тілләбайұлының құжаттары
- Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер Шаймардан Серикболдың құжаттары
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 1-4 сәуір, 2025
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Туленов Қанат Серікұлының құжаттары
- Екінші ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Есіркегенов Нұргиса Аманкелдіұлының құжаттары
- “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” EEASO-2024
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Қадірбаева Жазира Мұратбекқызының құжаттары
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Мыңбаева Сандуғаш Табылдиевнаның құжаттары
- «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қатысты ақпарат
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 16-19 және 22 сәуір, 2024
- Екінші ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Cәбитбек Болыс Мәжитұлының құжаттары
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру




