Қазақтың жас математигі Дурвудхан Сұраған The Ferran Sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйына ие болды
29 жастағы математик Дурвудхан Сұраған "Hardy inequalities on homogeneous groups (100 years of Hardy inequalities)" үздік монографиясы үшін The Ferran Sunyer i Balaguer Prize 2018 халықаралық сыйлығын алды.
Бұл сыйлықты Ferran Sunyer i Balaguer қоры тағайындады. Қор, өз кезегінде, 1983 жылы марапаттар мен ғылыми гранттар арқылы математика саласындағы зерттеулерді ынталандыру мақсатында құрылған. Ferran Sunyer i Balaguer сыйлығы 1993 жылдан бері беріліп келеді. Осы жылдар ішінде оны әлемнің көптеген атақты ғалымдары алды: Антонио Амбросетти, Марк Горески (Стил сыйлығының иегері), Тимоти Браунинг (Уайтхед сыйлығының иегері, Philip Leverhulme Prize).
Дурвудхан Сұраған белгілі ғалым, Imperial College London профессоры Михаил Ружанскиймен бірлесіп монография жазды. Сыйлық 15 000 еуро болды. Сонымен қатар, авторлар сатылған монографиялардан қаламақы алуы керек. Дегенмен, Дурвудханның айтуынша, олар бұл кітапты Creative Commons лицензиясы бойынша қоғамдық игілікке тарату үшін авторлық сыйақыдан бас тартуға шешім қабылдады.
Монографияны басып шығаруға және көшіруге байланысты шығындарды жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландырумен айналысатын Ұлыбританияның жетекші қоры – Engineering and Physical Sciences Research Council көтерді. Монография Progress in Mathematics ғылыми журналында жарияланады.
Марапаттау рәсімі 20 сәуірде Institut d'Estudis Catalons ғимаратында өтеді. Осы сапар аясында Дурвудхан Сұраған Барселона университетінде баяндама жасайды. Сонымен қатар, доктор Сұраған осы жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Халықаралық математиктер конгресіне шақыру алды, онда ол Hardy inequalities on homogeneous groups тақырыбында баяндама жасайды.
Қазіргі уақытта бұл бағытта Қазақстан мен Ұлыбританиядан 4 PhD докторанты білім алуда. Бұл теорияны зерттеуге және оны ғылымның басқа салаларында қолдануды іздеуге әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар қатыса алатын арнайы веб-сайт құрылды.
Жаңалықтар
- 8-ші Халықаралық талдау және қолданбалы математика конференциясы, 2026
- Магистратура студенттеріне арналған ғылыми тағылымдама: білім беру мен озық зерттеулерді біріктіру, 2026.04
- «Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі», Шымкент қаласы, 2026 жылғы 3-7 сәуір
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Құдайбергенов Қанат Жанзақұлының құжаттары
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Төребек Берікбол Тілләбайұлының құжаттары
- Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер Шаймардан Серикболдың құжаттары
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 1-4 сәуір, 2025
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Туленов Қанат Серікұлының құжаттары
- Екінші ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 1-4 сәуір, 2025
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Есіркегенов Нұргиса Аманкелдіұлының құжаттары
- “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” EEASO-2024
- Профессор ғылыми атағын алуға үміткер Қадірбаева Жазира Мұратбекқызының құжаттары
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Мыңбаева Сандуғаш Табылдиевнаның құжаттары
- «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қатысты ақпарат
- ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ, 16-19 және 22 сәуір, 2024
- Екінші ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- Доцент ғылыми атағын алуға үміткер Cәбитбек Болыс Мәжитұлының құжаттары
- Алғашқы ақпараттық хабарлама, 16-19 сәуір, 2024 жыл
- 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру




