Математикалық журнал

Гранттық бағдарламаны әзірлейтін жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар» 1.2 кіші бөлігі шеңберінде Гранттық бағдарламаны әзірлейтін жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Іріктеуге инновациялық білім беру консорциумдарын құру және оларды іске асыру, гранттық бағдарламаларды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру саласында тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін «Consultant’s profile» нысанын толтырып және түйіндемеңізді төменде көрсетілген электрондық поштасына қоса жіберіңіз.

Өтініштер 2017 жылдың 21 тамызына дейін (Астана уақытымен сағат 18:00) ағылшын тілінде электронды нысанда  research_grants@fpip.kz электронды поштасында қабылданады.

Жаңалықтар